"Ақтөбе - Дарын" ӨҒТҚББО-ның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ХХІ облыстық Спартакиадасының тоғызқұмалақ жарысында қыз балалар арасында 12 команда арасынан Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі қыздар командасы топ жарып І орынды иеленді, Жекелей сында 1-тақта қорытындысы бойынша Наркенова Райхан 3-орын иеленіп Республикалық жарысқа жолдама алды, 3-тақта қорытындысы бойынша Бақтыбаева Аяулым 1-орынды өз қанжығасына байлады. Ер балалар арасында Жекелей сында 3-тақта қорытындысы бойынша Қазанғапов Құттымұрат 3-орын иегері атанды.
🏆Спортшыларымызға үлкен сенім артамыз, жаңа жеңістер, рекордтар мен жетістіктер күтеміз. Биік белестерді бағындыра беруді тілейміз!

#ХГТВК
#спортэтожизнь