25.01.2021ж күні "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК педагог-психологтары Хромтау ауданы жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков және АТТ мүшесі Мәди Мейрамбекұлымен бірлесіп "Деструктивті діни ағымдардың салдары", және "Қазақстанның діни ахуалы" тақырыптарында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуде діни ағымдарды теріс мағлұмат беріп, бұрмалаушы адамдарды ажырата білуге, салт-дәстүріміздің ата-бабамыздан келе жатқан ұрпаққа берер тәрбиесі мен ата-ананы құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп өтті.