Көбі қоғамды өзгерту үшін ересек болуымыз керек деп ойлайды.

Бірақ әлемді жақсы жағына өзгерткісі келетін мықты жандар бастамашыл жастардан шығады.

Егер бұл сіз жайлы болатын болса, онда жасөспірімдер мен жастардың бойында әлеуметтік бастамалар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі SAMGAU (UPSHIFT) жобасына шақырамыз.

ЖОБАҒА ҚАТЫСУ СІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

Тұлғалық және әлеуметтік дағдыларды дамыту
Әлеуметтік мәселелерді шешу дағдылары
Айналаңның дамуына атсалысу мүмкіндігі
Өз идеяңды қалай жасауға, жоспарлауға және іске асыруға болатыны жайлы білім
Еліміздің барлық өңірлеріндегі пікірлестермен қарым-қатынас мүмкіндігі. 


Сізді білім алу кезінде арнайы шақырған ең үздік әрі тәжірибелі менторлармен кездесу күтіп тұр! 


Қазақстанның түпкір-түпкірінен өтініш беруге болады.

Қатысушыға қойылатын талап:

1. 10 - 19 жастың арасындағы жас мөлшері
2. Білім алып, еліме пайдам тисін деген ниет!
3. Internet (болмаған жағдайда, өтініште көрсетуіңізді сұраймыз) қолжетімділік
4. Өтініш қабылдау мерзімінің аяқталатын күні - 31/01/2021

https://jashome.org/kk/zhobalar/samgau-upshift/2021-01-15-09-27-38

Жобаны БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Жастар қызметкерлері қауымдастығы іске асырады.