Бүгін, 9 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні . 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бүгін "Саналы ұрпақ" клубы жетекшісінің ұйымдастыруымен "Ақтөбе адалдық алаңы" кеңесінің жетекшісі Тұртаев Жанболат Бақиұлымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында 101, 102 топ студенттерімен zoom платформасы арқылы тікелей эфирде кездесу өткізілді.