2020 жылдың 04 қарашасында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің басында орналасқан Тау-кен металлургия саласына арналған құзыреттілік орталығында біліктілік емтихан ұйымдастырылды.

 

Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің № 402 «Тау кен электромеханиқалық жабдықтарына техниқалық қызмет көрсету және жөндеу» тобының студенттері қыркүйек – қазан айларында колледждің негізгі әлеуметтік серіктесі және жұмыс берушісі «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы, Дөн тау-кен байыту комбинатының 8 цехында тәжірибеден өтті.
Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер «Жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электр слесарі (слесарі)» біліктілігіне емтихан тапсырды.
Біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім.
Біліктілік емтиханы 2020 жылдың 04 қарашасында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің басында орналасқан Тау-кен металлургия саласына арналған құзыреттілік орталығында ұйымдастырылды.
Біліктілік комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және директордың орынбасарларынан құрылды.
Біліктілік емтиханы екі кезеңнен тұрды:
- бірінші кезең - студенттердің практикалық жұмысты орындауы;
- екінші кезең - оқу практикасының бағдарламасына және біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес құрастырылған емтихан билеттері бойынша теориялық білімді тексеру.
Бұл емтихан өте жауапты және байыпты дайындықты қажет етеді, барлық студенттер осы біліктілік туралы білімдерін растай отырып, жақсы бағалар алды.
Колледж білім алушылары емтихан тапсыруға жауапкершілікпен қарайды, содықтан лайықты нәтижелер көрсетуде.