«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты жатақханадағы студенттер отырысы
Жастар ісі жөніндегі меңгеруші Жанар Мұратқалиевна мен «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Индира Амангелдіқызы студенттер үйіндегі студенттермен отырыс өткізді.
Отырыс мақсаты “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Отырыс соңында студенттерден анонимді сауалнама алынды.
{gallery}000i/24{/gallery}