«Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы» тақырыбында семинар өткізілді. Хромтау ауданындағы салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және колледж жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі студенттері арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы» тақырыбында семинар өткізілді. Хромтау ауданындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Дермуханов Даулет Русланович, орталық аудандық аурухананың гинекологы Абишева Фариза Муратовна қыз балаларға дәріс оқыды.
Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалы аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.