КОЛЛЕДЖІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Колледжіміздің студенті Қойшыбаев Темірлан Бауыржанұлы Дүние жүзін әбігерге салған короновирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен бірге қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаны үшін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!!!

Темірланды колледж атынан алған марапатымен құттықтаймыз! Өнер мен білімді қатар алып жүрген, Ұлы елдің сенімін арқалаған осындай  от жалынды жастарға сеніміміз мол!