"Жол жүру ережелері, жол қауіпсіздігі" тақырыбында Хромтау патрульдік полиция инспекторы лейтенант Калиуллинов Райымбек Нұрпейісұлымен кездесу өткізілді.
Ақтөбе облысының білім басқармасы 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарына арналған оқушылардың жаяу жүргінші жасөспірімдерді жолда абай болуға және көше, жол ережелерін, жол қауіпсіздігін сақтау, алдын-алуын ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылған болатын.
Осыған орай 27.10.2020 ж. күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде студенттермен "Жол жүру ережелері, жол қауіпсіздігі" тақырыбында Хромтау патрульдік полиция инспекторы лейтенант Калиуллинов Райымбек Нұрпейісұлымен кездесу өткізілді.
Кездесуде патрульдік полиция инспекторы жол жүру ережелері, өмір қауіпсіздігі, автокөлік жүргізу ережелері, жол қауіпсіздігі туралы нұсқаулық берді.
#жолқауіпсіздігі