25 қазан, жексенбі күні Хромтау қаласына сапарын Алматы қаласынан бастаған,  қайырымдылық акциясы аясында "Абай жолы" экспедициясының бастамашысы,  волонтер-энтузиаст, Хромтау тау-кен техникалық  жоғарғы колледжінің түлегі, веложүргінші Дамир Кушеев келді.

Хромтау қаласында  волонтер-энтузиаст, веложүргінші Дамир Кушеевті аудан әкімі Нағымжан Алдияров пен ауданның жастары, колледжіміздің волонтер жастары  күтіп алды.
Аудан басшысы Нағымжан Алдияров "Абай жолы" экспедициясының бастамашысы, волонтер-энтузиаст, веложүргінші Дамир Кушеевтің ерлігі мен еңбегін айтып, жастарды патриоттыққа шақырып,  Дамирдің алдағы сапарына сәттілік тіледі. Алматы мен Ақтөбе арасындағы қазақтың ұланғайыр атырабын велосипедпен бағындырып келе жатқан Дамир туған өлкесіне келгендегі достарының, аудан басшылығы мен жастардың ыстық ықыластарына алғысын білдіріп, жастарды үлкен асуларға жетелеп, қанаттандырды.


Веложүргінші сапарын бүгін Ақтөбе қаласынан аяқтады.