2020 жылдың 3 қараша күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде "Абайға жол" экспедициясын ұйымдастырушы, волонтер, колледжіміздің түлегі Дамир Кушеев студенттермен кездесуге келді. Дамир Кушеев қайырымдылық жобасы аясында Алматы қаласынан Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жидебай ауылына дейін жаяу 46 күнде 1200 шақырымды жаяу жүріп өтті.
2020 жылы 2-24 қазан аралығында Абай Құнанбевтың 175 жылдығына арнап Алматы қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайбергеннің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұзақтығы 2200 км болатын Алматы - Ақтөбе қайырымдылық велошеруін өткізді.
Қайырымдылық жобаның мақсаты - ел өңірлеріндегі мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету. Велошеруді ұйымдастырушылар жиналған қаражатты өңірлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың пайдасына жұмсауды көздеп отыр.
Дамир Кушеев студенттерге еріктілер өмірі туралы, пандемия кезіндегі еріктілердің батырлығы мен еңбегі туралы әңгімелеп берді. Экспедиция кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кездесуден соң колледжді аралап, студенттік шағын еске түсіріп, шеберханалар мен зертханалардағы жаңа жабдықтарымен танысты.