2020 жылдың 15 қазан күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің оқытушысы Киргизбаева Амангул Канатовнаның ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.
2020 жылдың 15 қазан күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің оқытушысы Киргизбаева Амангул Канатовнаның ұйымдастыруымен аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Хромтау аудандық филиалының директоры Шегирбаева Жаңыл Сейтқалиқызы және аудан филиалының қызметкері Болатбаева Светлана Мурзатаевна және жеке кәсіпкер Жолмухамбетов Саян Кенжетаевич - «Баспа Хром» типографиясының басшысы, Иващенко Александр Сергеевич – «МеталлХром» дәнекерлеу цехының басшысы келді. Кездесуде 3 курс «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Кездесу барысында Хромтау аудандық филиалының директоры Шегирбаева Жаңыл Сейтқалиқызы және аудан филиалының қызметкері Болатбаева Светлана Мурзатаевна жалпы филиалдың қызметі, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау туралы ақпарат берді.
Кәсіпкерлер өздерінің кәсіпті қалай бастағаны туралы, идеяны қалай таңдау керек, қоршаған ортаға сіздің ашқан бизнесіңіз қандай пайда келтіреді? және табыс пен шығысты есептеу жолдарын түсіндірді. Сонымен бірге жастарға бизнес бастауға бағыт-бағдар берді.
Студенттер көптеген сұрақтар қойды, Палуанова Индира – «Бизнес туралы ақылы тренингтерге қатысу дұрыс па?», Сисенбаев Нұрсұлтан – «Бизнес туралы идеяны неше күнде іске қосу керек?», Өмірзақұлы Рамазан – «Бизнесте банкротқа ұшырау, ненің салдарынан?».
- Бизнес туралы қандай кітаптар оқисыз?
- Жастар ресурстары орталығының орналасқан жерінің мекен-жайын айтсаңыз?
Жастар идеясының тоғысатын орнын ашсаңыздар, әр саланың бизнесмендерінің айналысып жатқан ісімен экскурсия жасаған,-деген ұсыныстар жасалды.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/547-kirgizbaeva-amangul-kanatovnany-jymdastyruymen-audan-k-sipkerlerimen-kezdesu-tkizildi.html#sigFreeId8d0f1e88f4