Қазақстан – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны, түрлі мәдениеттер мен діндердің адамдарын жақындастыруда елеулі рөл атқарады. Оны «өркениеттер қиылысы» деп тегін атамаған. Қазақстанда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі болып отыр.
 
1992 жылы Алматы қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өткен. Аталмыш жиынның өткізілуі көптеген шет мемлекеттердің тарапынан үлкен қолдау тапты. 18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды.Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып келеді.