Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада  колледжіміздің директоры МУЛДАШЕВА БАГДАШЖАН КАДЫРЖАНОВНА Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері, сонымен қатар білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешеуге бағытталған белсенді жұмысы үшін «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова атынан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ мен «Білім саласын дамытудағы еңбегі үшін» 100 000 тг көлеміндегі  сыйақы  сертификатымен марапатталды.