ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы "ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ" - еліміздің беделін көтеретін алғышарттары.

Жыл сайынғы Президент Жолдауы жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Президент Жолдауы - еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Президенттің бұл жолғы Жолдауы Қазақстан экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналып отыр.  Қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.

Президент өз сөзінде білім беру реформасының жалғасатынын айтты. Соның ішінде шалғай ауылдарды интернетпен қамту. Менің ойымша, қазір осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нәтижесін береді.
 
Қысқасы, ол Жолдауда мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайту екендігіне ерекше назар аударылғандығын айтады.

Осыған сәйкес елде қандай істер қолға алынбасын ол ел игілігі, қарапайым халық үшін жасалуы тиіс.
 
"Саналы ұрпақ" клуб жетекшісі Раушанова И.А.