Хромтау тау – кен техникалық жоғары колледжі әлемдік пандемиядан соң өз студенттеріне қайтадан есігін айқара ашты.
Биылғы оқу жылында Хромтау жоғары колледжі өз жұмысын қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты штаттық режимде бастаған болатын. Қазіргі таңда колледж студенттері 3 ауысыммен оқып білім алып жатыр. 4 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтуге дайындық үстінде. Оқытуды ұйымдастыру барысында барлық шаралар жасалып, кіре беріс тунельмен, оқу кабинеттеріндегі ара қашықтықты сақтау шаралары, антисептикпен толық қамтылған. Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы сондықтан болашағымыз студенттердің аман сау болуы үшін колледжімізде барлық сақтық шаралары жасалды.
Құрметті студенттер Аман-сау болыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Сақтық шараларды орындаңыз!
View the embedded image gallery online at:
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/518-epidemiologiyaly-zha-daj-a-bajlanysty-shtatty-rezhimdegi-o-u.html#sigFreeId6217361b77
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/518-epidemiologiyaly-zha-daj-a-bajlanysty-shtatty-rezhimdegi-o-u.html#sigFreeId6217361b77