Хромтау жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Хромтау ауданы полиция бөлімінің басшысы полиция подполковникі Сапарғалиев Мақсат Жарасович және полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Жалғасов Қайсар Мурзабекович студенттермен кездесу ұйымдастырып, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша түсіндірме берді.
Сонымен қатар 11.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізілген Заң талабы түсіндіріліп, оған сәйкес бірнеше құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік күшейтілгендігі туралы толық мәліметтер берілді.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/381-12-nauryz-2020-zhyly-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-kezdesui-tti.html#sigFreeIdc1db07cd8b