Ақпанның 28 күні колледж асханасы мен жатақханасы тексеруден өтті.

Республикалық акция аясында аудандық білім бөлімі, аудандық Нұр-Отан партиясы филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары Хромтау жоғары колледжінің асханасын зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бақылау тобының мүшелері білім беру ұйымындағы тамақтың ұйымдастырылуын, тамақтану сапасын бақылау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес перспективалық ас мәзірді сәйкестендіру, конкурстық құжаттамалар мен жозықсыз өнім берушілерді болдырмау амалдарын тексеріп, құжаттамалар мен санитарлық талаптардың ережеге сәйкес орындалуына көз жеткізді.

Хромтау жоғары колледжі оқу бағдарламасының мүмкіндіктеріне сәйкес аз қамтылған, көп балалы, жетім және АҚҚБ студенттерге мелекеттік қызмет көрсетудің бірі ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. 2019-2020 жылы тегін ыстық тамақпен қамтылған студенттер саны 320.