27 ақпан күні Хурметбек К. мен Ситебай Г.С. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.

Бөлім оқытушылары республика көлемінде аталып жатқан "АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдық" мерейтойына орай "Өмір - өлең, поэзия как жизнь, life and poesy..." тақырыбымен әдеби-сазды кешін өткізді.
⠀Сабақтан тыс шараның мақсаты:
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Үштілділік мәдениетін жандандыру, студенттердің ана тілін құрметтеумен қатар, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.