19 ақпан күні Ауған соғысының ардагерлерін ұлықтау шарасы өтті.
Хромтау жоғары колледжінде Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу мақсатында кездесу кеші өтті. Кездесу кешке аудан әкімі Алдияров Н.С., "Ер-Бақыт" спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев, "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Мирас Мұқаш, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Мәди Кемешов қатысқан болатын. Жиында ардагерлер жастарға басынан өткен оқиғалар мен соғыс жылдарындағы әскери өмірлерінен хабардар етті. Студент жастар ардагерлерге сұрақ қойып, алғыс-тілектерін білдірді.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/372-19-a-pan-k-ni-au-an-so-ysyny-ardagerlerin-ly-tau-sharasy-tti.html#sigFreeIdeec914a91f