17 ақпан күні Апетов Қ.П. «Тіл білгірі» сайысын өткізді.

"Электротехника және электрожабдықтау" ЦӘК оқытушыларының шығармашылық және шеберлік айлығы аясында арнайы пән және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Апетов Қ.П. Қазақ тілі пәні бойынша 102-3 «Тау – кен электрмеханик жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» және 105 «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» топтарының арасында «ТІЛ БІЛГІРІ» сабақтан тыс шарасын өткізді.

Шара мақсаты:
Білім алушыларға мемлекеттік тілдің маңыздылығын ұғындыру.
Ойлау, жылдам жауап беру дағдыларын арттыру.
Мемлекеттік тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.