6-шы ақпан күні «Электротехника және электржабдықтау» бөлімінің шығармашылық айлығы аясында Хромтау жоғары колледжінде 2 курс, №204 топ студенттері арасында «Үздік дәнекерлеуші» байқауы өтті.

Байқауға 8 студент қатысып, нәтижесінде Маралов Саясат 1-орынды, Қабиев Әділ 2-орынды, Малецкий Максим 3-орынды иеленді.
Байқау мақсаты: студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикалық түрде жүзеге асыру.
Пәні: Дәнекерлеу ісін өндірістік оқыту
Өткізген: дәнекерлеу ісінің өндірістік оқыту шебері Апетов Қ.П.