30,31 қаңтар күндері Хромтау жоғары колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019-2020 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 1-4 курс студенттерінің ата-аналары шақырылды.
Директордың оқу бөлімі, өндірістік тәжірибе, тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары ата-аналарға білім алушы балаларының оқу үлгерімімен; тәртібімен; оқу бағдарламасының игерілу барысымен таныстыра отырып, қорытынды мониторингтерді ұсынды. Жиналысқа колледж директоры Мулдашева Б.Қ. қатысып, ата-аналармен ашық сұхбаттасты. Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдер арасында өзекті мәселе "снюс" түтінсіз темекі бұйымы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, "Педагог мәртебесі" заңнамасы туралы айтылып, өзге де заңдардағы өзгерістер туралы мағлұмат берілді.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/351-019-2020-o-u-zhylyny-i-zhartyzhyldy-orytyndysyna-arnal-an-ata-analar-zhinalysy-tti.html#sigFreeId5f87eafd7d