Салтанатты жиын ҚР Президенті идеясын қолдап, оны насихаттауды мақсат етеді.
Ашылу салтанатына Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айбек Жұмабекұлы және өзге де аудандық жастар ресурсы жəне жастар арасындағы дін мəселелері, қоғаммен байланыс орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков қатысты.
Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/348-khromtau-zho-ary-kolledzhinde-eriktiler-zhylyny-resmi-ashylu-saltanatty-tti.html#sigFreeId972ca20fc7