26 желтолтоқсан күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Ақтөбе облысы әкімі Ондасын Орзалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы М.Мухамбетов жұмыс сапарымен Хромтау тау –кен техникалық жоғары колледжінде болды.


Алик Шпекбаев оқу орнының тыныс тіршілігімен көріп, студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған жұмыстармен танысты.
«Саналы ұрпақ» жобасының негізгі бағыттарының бірі – мөлдір ашық оқу орнын қалыптастыру бойынша колледж ішінде ұйымдастырылған ашық «Адалдық алаңдары» көрсетіліп, «Адалдық дүкені» жұмысының жүргізілуі, «Парасаттылық мектебі» кабинеті және «Саналы ұрпақ» клубы белсенділерінің жұмысы таныстырылды.