10 желтоқсан күні сағат 10:00-де Хромтау жоғары колледжінде 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай жастарды парасаттылыққа, әділдікке шақыруға бағытталған бірыңғай "АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" өткізілді.
Биылғы оқу жылында екінші мәрте өткізіліп отырған бұл шараға 1,2,3 курс топтарынан 210 студент, 8 оқытушы қатысты. "Адалдық сағатының" негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруе. Аталмыш адалдық сағатына Хромтау аудандық сотының судьясы Жеткерген Е.А. қатысқан болатын.