6 желтоқсан күні Хромтау жоғары колледжінде Хромтау ауданы прокурорының көмекшісі Мажитов Аман Жасқайратович студент жастармен кездесу өткізді.
Прокурор мырза қазіргі күні жастар арасында белең алып отырған ұсақ құқықбұзушылыққа нөлдік төзбеушілік қағидасы туралы түсінік берді.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында заң өкілімен ұйымдастырылып отырған бұл шарада прокурор көмекшісі студенттерге ұсақ құқықбұзушылыққа қандай заң бұзушылықтар жататыны және олар үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жайлы, Қылмыстық Кодекстің талаптары бойынша қылмыстық құқықбұзушылық түріне ауыстырылғаны жөнінде баяндады. Кездесу ашық диалог түрінде өтті.