Аудан әкімімен өткен бейресми, пікіралмасу алаңы форматында өткен бұл кездесуге аудан әкімнің орынбасары Қосымбаева М.О. және Хромтау жоғары колледжінің директоры Мулдашева Б.К. қатысты. Колледж студенттері мен колледждегі жастар ұйымы, барша белсенді студенттер аудан басшысымен сұхбат құрып, мемлекетіміздің жас азаматы ретінде өздерін толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарына жауап алып, Н.Алдияров мырзаға өтініш-тілектерін білдірді.