Хромтау жоғары колледжінің 4 курс студенті Марат Еламан "Кәсіпқор Холдингі" КЕАҚ ұйымдастырған  «Қазақстан Республикасының ҮЗДІК 100 студенті» жобасының ЖЕҢІМПАЗЫ атанды!

Бұл жоба республикамыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ең талантты, білімі мен білігі жоғары, өз мамандығын игеруде зор ықылас танытып, өзге қатарластарынан оқ бойы оза білген дарынды студенттерді анықтады. Еламан бұған дейін "Worldskills Kazakhstan 2019" VI ұлттық чемпионатының чемпионы, 1 орын мен Алтын жүлде иегері атанған болатын. Жеңісің құтты болсын!