Хромтау тау-кен техникалық колледжі 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күнін атап өтті.
Шараға ауданның зиялы өкілдері қатысты. Мемлекет Әнұранынан басталған салтанатты жиында Елбасына арналаған ән шырқалып, өлеңдер оқылды. Жиында мереке қарсаңында өткізілген «Елі сүйген Елбасы, Елін сүйген Елбасы» бейнероликтер сайысының, эсселер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шарада Қазақ тілі қоғамының төрайымы Мәриям Төреғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Салтанатты жиын колледж өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/229-1-zhelto-san-r-t-ysh-prezident-k-ni.html#sigFreeId498e87084e