30 қараша күні колледжде ата-аналар мен құқықбұзушылықты болдырмау мәселесімен етене айналысатын арнайы мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


Шара мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу» онкүндігінің аясында өтті. Дөңгелек үстелге Хромтау аудандық сотының төрағасы Балмуханов Айсұлтан Жабайұлы, ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы, полиция капитаны Айтжанова Анар Анесовна, Қазақ тілі қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызы, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің ардагер ұстазы Агамалиева Жұлдыз Бақытқызы, Аудандық "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нуримов Жантас Жаркенұлының қатысты.


Тақырыбы: Осал тәрбие қылмысқа жетелейді.


Дөңгелек үстел пікіралысу, сұхбаттасу түрінде болды. Ата-аналар ұстаздарға да, мамандарға да тақырып төңірегінде түрлі сауалдар қойып, қажетті мағлұматтар, ой-пікір, кеңестер ала алды. Аталмыш жиында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Көрпебаева Жанар Өтеғұлқызы "Бала тәрбиесі баршамызға ортақ" тақырыбында бандама оқыды, колледж педагог-психологы Альмира Асланқызы "Ізгілікті тәрбие негізі отбасынан басталады" тақырыбынмен баяндама оқып, ата-аналармен тренинг өткізді. Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлігінде жасөспірімнің саналы азамат атану жолында ата-ана мен колледж арасында мүдделестік пен екі жақты жүйелі жұмыс жүргізудің маңызын түйінделді.