Колледждің белсенді студенттерінен құралған Студенттік кеңес жұмысын жандандыру мақсатында ұйым төрағасын сайлау жүргізілді.

 

Сайлауға 4 үміткер ұсынылды: 102 топ студенті Альжанова Арина, 103 топ студенті Мурзагулова Зарина, 303 топтан Марат Еламан және 405 топтан Айтекешов Нуркен. Бір апта бойы үміткерлер өз сайлау алды бағдарламаларын таныстырды. 27 қыркүйекте колледждің акт залында «Егер мен төраға болсам...» бағдарламамен таныстыру және дауыс беруші студенттерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

28 қыркүйекте колледждің 1 қабатында арнайы сайлау комиссиясы құрылып, студенттер мен оқытушылардың дауыс беру үрдісін бақылады. Барлығы 300 бюллетень дайындалды. Дауыс санын есептеу барысында 7-еуі жарамсыз деп танылды.

 

Қорытынды бойынша, биылғы Студенттік кеңестің төрағасы болып 4 курс студенті Атекешов Нуркен тайғайындалды. Оған жалпы саны 181 дауыс берілген.

Құттықтаймыз!

.