6 қазан күні Кеншілер мәдениет үйінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында Таэквондодан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың республикалық ашық турнинірінің арнайы қонақтарымен конференция өткізілді.
Шараға ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Арман Чилманов және Fight Night Global тұжырымының рейтингінде көш бастап тұрған Жалғас Жұмағұлов және Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин қатысты. Баспасөз конференциясында біздің колледж студенттері де болып, чемпиондарға өзденрін мазалаған сұрақтарын қойып, қызықты сұхбат жүргізді. Чилманов студенттердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, бала кезінде спортқа қызығушылығы қалай пайда болғанын, алғашқы барған секциялары жайында сөз қозғады. Қазіргі негізгі саласына айналған таэквондоға 16 жасында келгенін айтты.
Бұл сұхбат талайдың мақсатына жетуге күш-жігер мен еңбек терің қажет екенін ұғындырған болар. Ер жігітке тән мұқалмас мінезді үлгі етер осындай арынды ұлдар көп болсын! Осы сынды сұхбаттар жасөспірімдер үшін аса маңызды.