Аталмыш шара колледждің студенттер үйінде тұратын жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағытталған.
Бұл би сайысында 7 жұп өнер көрсетті. Сайыстың өзі еркін форматта ұйымдастырылған. Көңілді атмосферада өнерпаздар түрлі тақырыпта мың бұрала биледі. Бірі заманауи, бірі ұлттық, енді бірі баяу вальс әуенін таңдаған. Барлық қатысушыларға номинациялар тағайындалып, мақтау қағаздары берілді. Осындай игі шараларды ұйымдастырушы жатақхана тәрбиешісі Альмира апайға студенттер үлкен алғыс айтты.