Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында жоғары курс студенттері түрлі жанрда өнер көрсетті. Іс жүргізу және мұрағаттау мамандығының 2 курс студенттері өз салаларымен байланыстыра би билеп берді. Ал 205 топ пен 202 топ студенттерінен құралған өнерпаздар заманауи бименен сахнаның көркін келтірлі. Сондай-ақ, 301 топ жігіттері көрермендердің көңілін көтерер флешмоб биін паш етті. Шара 1 курс студенттеріне студенттік билетті табыстау салтанатымен жалғасты. Бұл күн енді ғана студенттер қатарына қосылған жастар үшін естелікке толы күн болып есте қалмақ.