ТЖБ қызметкерлері Мақсат Д.Қ және Данабаев С.К колледждің жұмыскерлері түгел қатысқан жиналыста өрттің алдын алу жолдарымен, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті сақтау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл жиында Хромтау УЭС инженері Абдеев Алик мырза электр құрылғылары мен тоқты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат берді. Шараның басты мақсаты жұмыс орнында ғана емес, күнделікті өмірде де кездесетін жағдайларда үрейге салынбай, барынша сабырлық сақтау арқылы өзінің де, өзгенің де өмірін сақтап қалуға ұмтылу қажеттігін жеткізу болды. Сондай-ақ, тақырыпқа сай бейнематериалдар ұсынылды.