Конференция тақырыбы: «21 ғасыр ата-аналары: өз балаңа үлгі бол». Конференцияға 2,3,4 курс студенттерінің ата-аналары қатысты. Қазіргі заман талабындағы ата-ана қандай болу керек? Міне осы сұрақ төңірегінде колледж директоры Мулдашева Б.К, директордың оқу, тәрбие жұмысы, өндіріс жөніндегі орынбасарлары ата-аналар алдында баяндамалар оқыды. Колледж психологі Альмира Асланқызы «Ата-аналарға қажетті психологиялық көмек» теренинг жұмысын жүргізді. Екі жақты бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыруға болады деген тұжырым жасалды.