Студенттер таңертенколледж алдында сапқа тұрғызылды.Фестиваль ашылу салтанатында директордың орынбасары Марал Қансұлтанұлы құттықтау сөзін сөйледі.
Іс-шараға арнайы келген аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Г. Ықыласқызы студенттерге үндеу салды. Бұдан кейін салауаттылық фестивалінің жоспары таныстырылып, көңілді спорттық жаттығу орындау арқылы барлығы жағымды көңіл күйде болды. Туристтік сапарда сақталу қажет ережелерден құлағдар болған студенттер бір ортақ саппен сапарға аттанды. Турісттік сапарда топтар арасындатүрлі спорттық эстафеталар мен сайыстар, музыкалық байқау өтті. Әр топтың ең өнерлі студенттері өнер көрсетті. Туристтік сапар бұдан өзге көптеген қызықтармен ерекшеленді.
Денсаулық күні баршаңызға құтты болсын! Еліміз аман, ұрпағымыз салауатты болып өссін!