Бесінші қыркүйек күні Ақтөбе қаласыда облыс әкімінің қатысуымен «Жастары белсенді елдің – болашағы жарқын» тақырыбымен кеңейтілген жастар кеңесі болып өтті. Бұл жиын облыс өңірлері мен қала аумағындағы ЖОО-ның және арнаулы орта білім ордаларының Жастар Ісі жөніндегі Комитеттер төрағаларының басын түгел қосты. Кеңейтілген бұл конференцияға Хромтау тау-кен техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Утегуловна, ЖІжК төрағасы Гүлсезім Сәрсенқызы және «Zhas Project» жобасының жеңімпаздары Марат Еламан, Турлыбекова Жанар, Маханалина Анар, Нығметжанов Нұрдаулет қатысты.
Конференцияның алғашқы бөлігінде өңір әкімі Бердібек Машбекұлының жастармен тұшымды сұхбат жүргізді. Жастар ісіне қатысты үлкен жаңалықтың бірі – шілде айынан бастап Жастар ісі басқармасының дербес мекеме ретінде қайта жандануы. Басқарманың алдағы уақытқа құрған жоспарларымен жаңадан тағайындалған басқарма басшысы Нұрлан Жеткергенұлы өз баяндамасында таныстырды. Жастардың қоғамдағы түйткілді мәселелерге көңіл бөліп, өз ісін дөңелетуге үйрететін сондай бір ұтымды жоба «Zhas Project». Біздің колледж студенттері аталмыш жоба аясында ерекше балаларды оңалтуға бағытталған бизнес жоспар құрып, бүгінгі күні сәтті жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жиын соңында ағымдағы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өткен 18-ші Азия ойындарына қатысып, жүлделі болған жерлестерімізді марапаттау рәсімі болды. Осындай айтулы жетістікке жетуді мақсат тұтар жастарымыз көбейе берсін дейміз!