Бүгін, қыркүйек айының төрті күні, колледжімізде тәрбие жоспарына сәйкес жыл сайын дәстүрге айналған шаралардың бірі – директор сағаты. Биылғы бұл шара алдымен бітіруші мамандық студенттерімен өткізілді. Колледж директоры жоғарғы курс студенттеріне артылған жүктің маңыздылығы мен студенттік кездің соңғы курсына жауапкершілікпен қарау керектігін ескерте, оларға сенетінін айтты.
Сонымен қоса, осы оқу жылында диплом алып, жас маман болғалы отырған түлектерге диплом қорғау мен мемлекеттік емтиханды өту тәртібі және оқу бағдарламасындағы практикалардың барысы жайында сұхбат жүргізді. Студенттердің қойған сұрақтарына директордың өндірістік-оқу жұмыстары мен оқу оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары жауап берді.
Директор сағаты – студенттердің курс бойғы іс-әрекеттеріне бағдар берер, мақсаттарды айқындар маңызды шара.