1 қыркүйек күні Хромтау тау-кен техникалық колледжінде кезекті 2018-2019 оқу жылына арналған салтаннатты жиын өтті. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері - алғаш рет оқу орнының табалдырығын аттаған 1 курс студенттері. Биыл кәсіптік білім алуға жалпы саны 150 студент қабылданды.
Олар келесідей топтар:
101 (3)гр - Подземная разработка месторождений полезных ископаемых;
101(2) топ - Пайдалы қазбалардың кен орындарын жабық түрде өңдеу;
102 гр - Техническое обслуживание и ремонт горно-электромеханического оборудования;
103 гр - Обогащение полезных ископаемых;
104 топ - Дәнекерлеу ісі;
105 гр - Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автотранспортных средств.
Аталған мамандықтарға оқыту мемлекетімізде 2017 жылдан іске қосылған "Баршаға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру" бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Салтанатты жиынның құрметті қонағы болып колледжіміздің бірқатар ардагер ұстаздары мен аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Төреғалиева Мәриям Төреғалиқызы, Дөң тау-кен байыту комбинаты ардагерлері кеңесінің мүшесі Раиса Петровна келген болатын. Ардагер ұстаздарымыз студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, колледж ұжымына толағай табыстар тіледі.
Білім күні баршаңызға құтты болсын!