Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі мен Хромтау тау-кен техникалық колледжі ағымдағы жылдың 06 маусым күні институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімін бастады.
Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сараптамалық бағалауды өткізуге келген сараптау комиссиясы бірінші күні сұхбаттасу мен сауаланамалар жүргізсе, екінші және үшінші күндері жоспарға сәйкес Хромтау колледжінің өзін-өзі бағалау туралы есебінің негізінде сараптау комиссиясының құрамы сабақтарға қатынасады, білім беру мен практиканы ұйымдастыру құжаттарын зерделейді. Сонымен қоса өндіріс базаларындағы студенттердің іс тәжірибе дағдыларын меңгеру процессін бақылайды.