oC
Құрметті қонақтар! Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Уважаемые посетители! На сайте ведутся технические работы.

ХРОМТАУ ЖОҒАРЫ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МИССИЯСЫ МЕН БАҒДАРЫ

Бағдары – Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасындағы ең үздік инновациялық техникалық оқу орнына айналу;

Миссия

Тау-кен металлургия саласы мен өңір экономикасы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және индустриялық-инновациялық даму жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті, кәсіби тұрғыдан мобильді мамандарды даярлау.

Пайымдау

2030 жылға қарай Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі:

  • тау-кен металлургия кешені үшін кадрлар даярлайтын ұлттық индустриялық-тау-кен хабына;
  • техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша көшбасшыға;
  • білім алушылар, жұмыс берушілер және серіктестер үшін тартымды білім беру және инновациялық орталыққа айналады;
  • білім берудің жоғары сапасын, инновацияларды және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жетекші оқу орны болады.
Бiз туралы
 
2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Конкурсқа қатысуға шақырамыз!