Дәстүрлі оқу жылының басындағы жиналыста жоғарғы курс студенттерінің тәртібі, оқу үлгерімі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласу, құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты күн тәртібіндегі маңызды мәселелер көтерілді. Өндірістік практикаға шығатын курстардың кестесімен директордың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Биржанов М.К. таныстырды. Практика барысында болашақ түлектердің аса жауапкершілікпен қарауы қажеттігін ескертті.

2022-2023 оқу жылындағы студенттердің оқу бағдарламаларындағы жаңашылықтар, үлгерім мәселесі мен оқу жылының түлектерінің мемлекеттік емтихан тапсыру реттілігімен оқу ісінің меңгерушісі Ф.А.Успанова таныстырды.