13 мамыр  күні Хромтау Жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы сенат Парламентінің депутаттары Б.Н.Каниев. және М.С.Джумагазиев колледж оқытушыларымен және студенттерімен референдумды қолдау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Партиялықтардың Ата Заңға өзгеріс енер шақта әрбір азаматтың белсенділігі үлкен рөлге ие екенін айтты.

Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. 2022 жылдың 5 маусымы жалпыхалықтық референдум күні. Референдумның мақсаты – саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын! - деді Қазақстан Республикасы сенат Парламентінің депутаты М.С.Джумагазиев.
Оқытушылар мен студенттермен референдумді қолдау мақсатында ақпараттық
Әйел адамдардың Зейнеткерлік жасын төмендетуге байланысты колледж оқытушылары арасында сұрақ қойылды.

Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді.

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_gylym_kasipodagy