Екі күнннен бері өтіп жатқан  Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.
Конкурстық сынақтар барысында біздің қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Конкурстың негізгі мақсаты: тау-кен металлургия саласы бойынша ТиППО ұйымдарының талантты педагогтарын анықтау, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық педагогтарын қолдау.
Конкурс  практикалық-бағдарлануын ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында алғаш рет өткізіледі.

Байқау қорытындысында әр модуль бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқытушылар марапатталды:
 Екібастұз тау-кен колледжінің арнайы пән оқытушысы  Умарова Алия Михайловна «Komatsu экскаваторы Forward тренажерын манипуляциялау» модулі бойынша үздік нәтиже үшін;
 Шиелі индустриалды- аграрлық колледжінің өндірістік оқыту шебері Байтурсынов Айболат Абайұлы «Гидравликалық схеманы құрастыру» модулі бойынша үздік нәтиже үшін;
 Шиелі индустриалды- аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қуандық Жалғас Ергалиұлы «ПДМ тренажер-симуляторда айла-шарғы жасау»  модулі бойынша үздік нәтиже үшін;
 Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің аранйы пән оқытушысы Койшыбаева Самал Адильжановна "Перфораторды бөлшектеу-құрастыру" модулі бойынша үздік нәтиже үшін;
Нәтижесінде жүлделі:
 III орынға Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласының тау-кен техникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы Бимаганбетова Зауреш ислямовна;

 III орынғаАқмола облысы білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы, Щучинск қаласы «Жоғары техникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы Ширшов Денис Андреевич;
 II орынға К. Пішенбаев атындағы«Екібастұз тау-кен техникалық колледж»арнайы пән оқытушысы Умарова Алия Михайловна;
 II орынға К. Пішенбаев атындағы«Екібастұз тау-кен техникалық колледж»өндірістік оқыту шебері Генш Екатерина Дмитриевна;
 I орынға Хромтау тау- кен техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Койшыбаева Самал Адильжановна;
 «Бас жүлде» Хромтау тау- кен техникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Карагулов Талгат Саматович ие болды.