29 сәуір күні Хромтау Жоғары колледжінде ОДЖ-ға келген студенттер «Жас сарбаз» атанып, өздерінің алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдерін одан әрі іс-тәжірибе жүйеде көрсете білді.  Бір апта бойы әскери форманы сақтап, спорттық нормативтер мен тәңертенгілік дене жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерінің «Саптық Жарғысы», «Гарнизондық және Қарауылдық Жарғысы», «Ішкі қызмет Жарғысы», «Тәртіптік Жарғысы», «Атыс дайындығы», «Тактикалық дайындық», «Әскери топография»» «Азаматтық қорғаныс» бойынша оқу-жаттығулар өтіліп, қару-жарақпен жақынырақ таныстыру ұйымдастырылды. Саптық алаңда 5 күндік оқу-дала жиынының жабылуы салтанатты түрде өтті. Ән және саптық шеру байқауы өз дәрежесінде өтті. Оқу-дала жиыны қорытындысында білімдігі мен іскерлігі тарапынан ерекше көзге түскен студенттер марапаттарға  ие болды.

#ХГТВК
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@hromtau_audanynyn_akimdigi