Sand play-ойын терапиясы

Кіріспе

 

«Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың

 көмегі арқылы шешуге болады»

                             Карл Густав Юнг

 

Біздің ішімізде бала кезде құмда ойнамаған адам бар ма екен? Шелек, әр түрлі пішіндер, қалақ – балаларға ең бірінші осылар алынады. Балалардың бір бірімен алғашқы қатынасы құмда болады. Бұл құмда ойналатын дәстүрлі ойындар. Ал біз Сізбен құм үйіндісін пайдалану мүмкіндіктерін басқа қырынан қарастырамыз.

Құмдағы ойындар – баланың табиғи әрекеттерінің бір формасы. Осыған байланысты біз, ересектер, құмды оқыту және дамыту сабақтарында пайдалана аламыз. Құмнан суреттер тұрғыза отырып, түрлі оқиғаларды ойдан шығара отырып, біз бала үшін айтарлықтай шектелген түрде өзіміздің білімімізді және өмірлік тәжірибемізді үйретеміз. Сондай-ақ өзіміздің Ішкі Балалығымызды күшейте отырып, өз жанымызды тапсырамыз.

Құммен ойналатын ойындар – бұл баланың табиғи белсенділігін көрсетуі. Балалардың бір-бірімен алғашқы қатынасы осы құм үйіндісінен басталады. Осыған байланысты біз, ересектер,  оқыту, дамыту және түзету  сабақтарында  құмды пайдалана аламыз. Құмның   жағымсыз психикалық қуатты жоқ қылатын, сезімталдық жай-күйді реттейтін қасиеті бар.

Оған педагогтар мен ата-аналардың қатысуы  бағдарлама тиімділігіне қажетті шарт болып табылады. Осы талаптарға сәйкес бағдарлама 3 бағытта жүзеге асады:

І. Педагог – психолог – ата-аналар.

ІІ. Педагог – психолог – топ педагогтары

ІІІ. Педагог – психолог – балалар.

Бағдарламаның мақсаттары:

  1. Эмоционалдық және бұлшықеттік қызуды түсіру.
  2. Тактильдік-кинестикалық сезімталдықты және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
  3. Баланың оны қоршаған әлемдегі тірі және өлі табиғат, адамның қолдан жасаған  дүниесі туралы туралы көзқарасын дамыту және кеңейту.
  4. Көру – моторлық координациясын, жіктеу процесін, елестетуін дамыту.
  5. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Әрекеттерді іштей жоспарлау және мақсат қоя білу дағдысын қалыптастыру; әрекеттік дағдыларды меңгеруге итермелеу; оқу әркетіне қажетті іс ретінде өзіндік бақылауды және қолдың моторикасын дамыту. Адекваттық (тепе-тең) өзіндік бағалауды және тәртіпті қалыптастыруға себепкер болу.
  2. Құмда әр түрлі құралдармен кішкентай көріністер қою арқылы қоршаған ортаны эмоционалдық елестетуді дамыту, эстетикалық циклдағы түрлі әркеттерді театрлық-ойын әрекетіне ауыстыруға итермелеу.
  3. Айналадағы адамдарға, жануарларға және басқаларға аяушылық білдіру, жанашырлық таныту қабілеттерін дамытуға, эмпатияны дамытуға  себепкер болу.
  4. Балалар арасындағы диалогтік қарым-қатынасты қолдау, өзінің ойын айту және өз пікірін ұстануға қолдау көрсету.

 Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:

  1. Бала шығармашылық белсенділігін көрсете отырып, өзін жайлы және өзінің қорғалғанын сезінетеіндей табиғи қолдау көрсетуші ортаны қалыптастыру.

Бұл үшін мен ойындарға арналған ережені ертегі түрінде жасай отырып; оның әркетін, ойын, нәтижесін теріс бағалауды алып тастай отырып; қиялы мен шығармашылығын мадақтай отырып баланың мүмкіндігіне сәйкес келетін тапсырманы таңдап алдым.

  1. Әріп, сан, геометриялық пішіндер және басқалары тәрізді абстрактты белгілерді «тірілту».

Бұл принципті жүзеге асыру баланың сабақтарға деген оң көзқарасын қалыптастыруға және күшейтуге, сондай-ақ баланың болып жатқан жағдайларға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

  1. «Тіршілік етуді» жүзеге асыру, ертегі кейіпкерлерімен бірге барлық ситуацияларда ойнау.

Бұл принциптің негізінде Елестету мен Шындықтың және керісінше өзара ауысуы жүзеге асырылады. Мысалы, Ханшаны құтқарушы ролінде тұрып, бала ситуациядан шығу жолын  жай көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ миниатуралық пішіндер арқылы құмда ойнап көрсетеді. Осылайша ол «іс жүзінде» таңдап алған жолының дұрыстығына не бұрыстығына көз жеткізеді.

«Sand play» бағдарламасы мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен бірге топтық және жеке жұмыстар өткізуге арналған.

Бағдарламаның мазмұны:

Осы бағдарламада берілген қолдың тактильдік-кинестетикалық сезімталдығын және ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар бала психикасының дамуы үшін үлкен маңызға ие. Біріншіден, осындай формадағы құммен өзара әрекеттестік эмоционалдық күйді тұрақтандырады.

Екіншіден, қолдың тактильдік-кинестетикалық сезімталдығын және ұсақ моторикасын дамытумен қатар, біз баланы өзін тыңдауға және өз сезімі туралы айтуға үйретеміз. Ал бұл өз кезегінде сөйлеуді, еріксіз ынта қоюды және есте сақтауды дамытуға септігін тигізеді. Алайда ең бастысы – бала рефлексияны (өзіндік талдауды) алғаш сынақтан өткізеді. Өзін және басқаларды түсінуге үйренеді. Осылайша жағымды әрекет ету дағдысының одан арғы қалыптасуына арналған база құрылады.

Фонематикалық естуді дамытуға, дыбыстауды түзетуге арналған ойындар, «құмдық сауаттылық» оқуға және жазуға үйрету ойындары бізге көптеген білім беру және психологиялық міндеттерді шешуге көмектеседі. Солардың ішінде ең негізгісі – фонематикалық есту қабілетін дамыту, яғни  сөздегі дыбыс және дыбыс тіркестерін есту және айыра білу. Атап айтқанда ол -  дұрыс дыбыстау мен дұрыс жазуды қалыптастырудың негізі болып табылады. Біздің ойынымызда дыбыс абстрактты белгі ретінде емес, тірі ертегі кейіпкері ретінде көрінеді. Онымен танысу өте қызықты, оны жақыннан танып-білгің келеді, онымен және оның достарымен ойнағанды қалайсың, онымен айырылысқың келмейді.

Осы сабақтарда «әріп» түсінігі туралы сөз болмағандығына назар аударыңыздар, әйтсе де олар, яғни әріптер ойында пайдаланылған болатын. Осылайша,  біз есту, көру және тактильдік-кинестетикалық елестетуге сүйене отырып балаларду оқуға үйретеміз. Түсінігі болмаса да ол әріптерді таниды. Алғашқы кезде еш ойланбастан дыбыстар мен олардың графикалық бейнесін салыстыра бастайды. Бұл  сауаттылыққа оза оқытудың бір элементі.

Құмдағы танымдық ойындардың түрлері:

  1. Қоршаған әлеммен танысу ойыны.
  2. Географиялық ойындар.
  3. Қиял-ғажайып ойындары
  4. Тарихи ойындар 

Әдебиеттер:

  1. ҚР-ның Білім туралы Заңы. Алматы, 1999.
  2. ҚР-ның Заңы Білім туралы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. №319-111 ҚРЗ.
  3. Түймебаев Ж.Қ. Сапалы білім алуға тиімді құқықтық негіз қаланды. Егемен Қазақстан, 15 тамыз 2007 жыл.
  4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы.
  5. ҚР-дағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2005 (жоба)
  6. Грабенко Т.М., Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Құмдағы ғажайыптар. Құммен емдеу СПб 1998.
  7. Степанов С.С. «Бала психологиясының әліппесі. М:Сфера, 2004.
  8. Савельева Н. Балаларға білім беру мекемесінің педагог-психологының үстел кітабы. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005
  9. Сакович Н.А. Құммен ойнау технологиясы. Көпір үстіндегі ойындар СПб.: Речь, 2006
  10. Грабенко Т.М., Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Құмдағы ғажайыптар. Құммен емдеу тәжірибесі СПб 1998.