Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі

Семинар-практикум

19.05.2021

«Біз кішкентай сиқыршымыз»

Балжанова Жұлдыз Жансүйгенқызы

Педагогика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы:  «Біз кішкентай сиқыршымыз»

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларға ойын арқылы еліктеу дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекі құралдары: Түрлі-түсті картоннан жасалған сиыр, мысық, ат, ит, қой, аю, түлкі, қоян, кірпінің суреттері. Ағашпен, бақшаның суреттері салынған үлкен кітап. Алма, алмұрт, шие, қызылша, сәбіз, шалканың суреттері.

Сабақтың барысы:

  • Балалар, бізге қонаққа апайлар келіп отыр, кәне амандасайық.
  • Саламатсыз ба?
  • Қараңдаршы, мына жерде кім отыр екен. Сен кімсің? Қайдан келдің?
  • Балалар мынау Айгуль. Ол сиқыршылар әлемінен келді. Ол әлемде балалар бір жаман сиқыршы Айгулдің ойыншықтарын тығып тастаған. Балалар Айгулге көмектесеміз бе?

Жарайды, бірақ немен жетеміз? Онда кәне ұшақты оталдырайық, р-р-р-р деп дауыс шығарамыз.

Енді қолымызды соғып у-у-у-у деген дауысты шығарып ұшамыз.

Балалар, қараңдаршы сендерде түрлі түсті ұшақтар бар. Олардың әр қайсысының үйі бар. Кәне бәріміз ұшақтың үйлерін табайық.

Жарайсыңдар, балалар, қараңдар мына жануарлармен жабайы аңдарды сиқыршы адастырып жіберген. Кәне қайсы үй жануары, қайсы жабайы аң екенін анықтап орналастырайық.

Балалар сендер мысық туралы тақпақ білесіңдер ме? Кәне айтып берейік.

Біздің үйде мысық тұрады,

Мысық беті-қолын жуады.

Мысық сүт ішеді,

Мысық доп ойнайды.

Мысық тырнақ қайрайды,

Мысық тышқан аулайды.

Жақсы балалар, ал енді мына үйшіктерге назар аударыңдар. Жаман сиқыршы мына үйшіктердің терезелерін құлатып тастаған. Оны жабуы үшін мына үш пішінің біреуін таңдау керек.

Жарайды балалар, бәрін дұрыс орындадыңдар.

Келесі дайындап қойған тапсырманы орындайық. Сиқыршы ата мен әженің бау-бақшасында жемістермен көкөністерін жұлып араластырып жіберді. Ата мен әжеге көмектесеміз бе?

Мына көкөністерді жерге отырғызып, жемістерді ағаштарға орналастырыңдар.

Жарайсыңдар балалар, ал әже туралы қандай тақпақ білесіңдер?

«Алақай-ау, алақай»,

Алақай-ау, алақай,

Қайда болдың балақай?

Барып келдім әжеме.

Әжең саған не берді?,

Малта берді, май берді,

Қаймақ қатып шәй берді,

Сипап тұрып басымнан,

Кетпе деді қасымнан.

Мен ұшқан құс болдым,

Осында келіп қондым.

Балалар мына құмның астында сиқыршы сиқыршы Айгульдің ойыншықтарын тығып тастаған. Кәне қыл қалам алып, құмның астындағы ойыншықтарды табыңдар.

Жарайсыңдар, енді Айгуль қуанып қалады.

Айгул қалай қуанады? Қалай жылайды? Қалай ашуланады?

Қорытынды:

Балалар Айгул Сендерге рахметін айтып мынандай сиқырлы гүлін сыйлайды. Ол гүлдің балын жеп әр адам күліп қуанып жүреді.

Балалар бүгін біз не істедік? Кімге және неге көмектестік?

Рахмет, балалар, сендер сабаққа қатыстыңдар.

Жарайсыңдар балалар.