2022​ жылы сәуір​ айының 28-і күні Хромтау​ жоғары​ ​ колледжінде «Аңсар ақпараттық талдау орталығынан келген​ теолог маман​ Воронеевич Ольга Александровнамен​ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас тәрбиеленушілерге жан-жақты түсіндіру. Кездесу студенттермен​ мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Ольга Александровнамен​ қазiргi Қазақстандағы мемлекеттік -конфессиялық қарым-қатынастар туралы әңгiмеледi. Ольга Александровна жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында студенттер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.